Дүниежүзілік экономика биыл 2,9 %-ға ғана өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік экономика биыл 2,9 %-ға ғана өсуі мүмкін

08.06.2022

Әлемдік банк дүниежүзілік экономиканың биылғы өсімі жайлы болжамын күрт төмендетті. Қаржы ұйымының жаңа есебінше, 2022 жылы жаһандық жалпы ішкі өнім небары 2,9 пайызға ғана артады. Салыстырып көрсек, былтыр ол 5,7 пайызға көбейген екен.

Ал биылғы жылдың қаңтарында ғана осы банк әлемдік экономиканың жыл соңына дейін 4,1 пайызға дамитынына үміт білдірген еді. Өсім көрсеткіштерінің төмендеуі АҚШ-та, Еуропада, Қытай да байқалып отыр.

Банктің мәлімдеуінше ғалам экономикасы коронавирус пандемиясынан кейін тез қарқын алған. Бірақ, сол дамуды Ресейдің Украинаға әскер кіргізуі кесірінен әлемдік нарықта энергия мен бидай саудасының қиындауы қайта тежеп отыр.


Хабарламаларға жазылу