Мәжілісте бірнеше заң жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте бірнеше заң жобасы талқыланды

08.06.2022

Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын іске асыру үшін депутаттардың жұмысы жаңа деңгейге көтерілу керек. Бұл туралы бүгін Мәжіліс төрағасы айтты. Конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыда сапалы әрі жедел іске асыру бағытында отырыста бірқатар маңызды заң қаралды. Т

Берік Көшербай, тілші:

Мәжіліс депутаттары бірқатар заңды талқылады. Атап айтқанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құжат бірінші оқылымда қаралды. Қаржы пирамидаларына қатысты Заңға қандай өзгерістертер болатыны айтылды. Жалпы, алдағы уақытта көптеген заңнамалық актіге өзгеріс енгізіледі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов референдумның сәтті өтуімен құттықтай келе, депутаттық корпусты маңызды әрі ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын ерекше атап өтті. Себебі, елімізде конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру кезеңі басталды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

Конституциялық реформа құқықтық жүйені толық жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сондықтан депутаттар әлемдік тәжірибені ескере отырып, тиімді құқықтық және сот жүйесін құру үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізуі қажет. Президент заңнамада мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіретін нормалар болмауға тиіс екенін ерекше атап өтті. Осы мәселеге депутаттардың назарын аударғым келіп отыр.

Берік Көшербай тілші:

Отырыста салық кодексінде енгізілетін өзгерістер, құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру және әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі байланыс мәселелері де талқыланды. Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттарының алдына қаржы министрі шығып, былтыр республикалық бюджеттің ақшасы қалай жұмсалғаны жайлы есеп берді. 

Хабарламаларға жазылу