Алматыда дауыс беру көрсеткіші неліктен төмен болғаны айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дауыс беру көрсеткіші неліктен төмен болғаны айтылды

06.06.2022

Алматыда дауыс беру көрсеткіші неліктен төмен болғаны айтылды. Бұл үлкен шаһарлар үшін қалыпты жағдай, дейді сарапшылар. Қоғам белсендісі Бекнұр Кисиковтың сөзінше, Алматы қаласы бұған дейінгі сайлауларда да жоғары көрсеткішке жетпеген. Мәселен, қалада жұмыс істеп жүрген өзге аймақтың адамдары да дауыс беру мүмкіндігін пайдалана алмаған. Көбі тіркеу талонын алдын-ала алмаппыз деп өкінген. Мұның барлығы референдумға деген қызғушылықтың болғанын дәлелдейді. Аздаған кемшіліктер болғанына қарамастан, референдум жақсы деңгейде өтті, дейді сарапшы.

Бекнұр Кисиков, экономист, қоғам белсендісі:

Алматы бұрында жоғары деңгейді көрсеткен жоқ. Сондықтан бұл жерде феномен деп айтуға болады. Мысалы, Нью-Йорк, Ыстамбұлдың нәтижелері сайлауда өте төмен. Алматы да сондай феноменге кіріп тұр деп ойлаймын.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу