Шешім нақты шыққаннан кейін бұл өзгерістер қабылданды деп саналады – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шешім нақты шыққаннан кейін бұл өзгерістер қабылданды деп саналады – сарапшы

06.06.2022

Ел азаматтары өз таңдауын жасады. Ары қарай орталық референдум комиссиясының қорытынды шешімінен кейін барлық өзгерістер автоматты түрде конституцияға енді деп саналады. Ал Орталық референдум комиссиясы қорытынды шешімді бір аптаның ішінде жариялауы тиіс. Конституциялық заңдарға өзгерістер енгізілгеннен кейін бірқатар нормативтік құжаттарға, заңдарға өзгертулер енгізіледі. Ол - депутаттардың алдында тұрған міндет.

Аян Сакошев, ҚҚДИ сарапшысы:

Шешім нақты шыққаннан кейін бұл өзгерістер қабылданды деп саналады. Оған Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің шешімдері қажет емес. Тек қана референдумның нәітижесі бар. Сол аясында аясында енгізілді деп саналды.


Хабарламаларға жазылу