Жаңа ғана Польша астанасы Варшавадағы референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа ғана Польша астанасы Варшавадағы референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды

06.06.2022

Жаңа ғана Польша астанасы Варшавадағы референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Атап өту керек, мұнда Украинадағы Қазақстан азаматтары да арнайы келіп, өз таңдауын жасады.

Аида Әбіл, тілші:

Польша астанасы Варшавада Украинадағы Қазақстан азаматтары да дауыс бергенін еске саламын. Өкінішке қарай сайлау учаскелері Украинада ұйымдастырылған жоқ. Ал Польшадағы Қазақстан азаматтары дауыс беруде таңнан кешке дейін белсенділік танытты. Өтінім бергендердің басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерген.

Өрік Зейноллақызы, Қазақстан азаматы:

Келешек жақсы болады деп сенемін. Неге десеңіз Тәуелсіздік алғалы міне отыз жыл болды. Отыз жылда ел өзгеріп жатыр, енді қазір тағы да бір жақсы қадамға басып жатыр. Сол қадам құтты болсын деймін, келешек үшін балалар үшін дауыс беруге келдім.

Бекзат Сәбитұлы, комиссия мүшесі:

Азаннан бері белсенді қатысушыларымыз келіп жатыр. Варшавада өте көп азаматтар бар, студенттер бар, жұмысшылар бар. Жүзге жуық біздің азаматтар хал жолдады қатымамыз,- деп. Скл Ешқандай заң бұзушылық анықталмады .

Аида Әбіл, тілші:

Оған өзім де куә, расымен бүгін Варшавадағы номері 271 сайлау учаскесінде бірде бір заң бұзушылық тіркелмеді. Тәртіпті қадағалау үшін елшілік жанында жергілікті құқық қорғаушы да күні бойы қызметте болады.

Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу