Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы референдумда дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы референдумда дауыс берді

05.06.2022

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы референдумда дауыс берді. «Оқушылар сарайы» ғимаратында орналасқан №59 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ел ертеңінің кемел де, жарқын болуына тілектестік білдірді. Айта кетейік, бұл учаскеде 1360 тұрғын дауыс береді деп күтіледі. Ал 20-дан астамы іссапарда болуына және өзге де себептерге байланысты есептен шығу қағазын алған. Дауыс беру кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

Алла Тағала осы осы өзгерістерде елімізге үлкен жақсылықтар, ынтымақ-берекенің келуін нәсіп етсін. Бүгінгі тарихи сәттегі берген дауысымыздың ел үшін, келешек үшін берілгендігін нәсіп етіп, қазақ елінің тәуелсіздігі баянды болсын!


Хабарламаларға жазылу