Қызылордада «Қайсар» футбол командасының ойыншылары ұжым болып, жалпыхалықтық референдумға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Қайсар» футбол командасының ойыншылары ұжым болып, жалпыхалықтық референдумға қатысты

05.06.2022

Қызылордада «Қайсар» футбол командасының ойыншылары ұжым болып, жалпыхалықтық референдумға қатысты. Ел біріншілігіндегі кезекті ойынға дайындалып жатқан спортшыларымыз жаттығу арасынан уақыт тауып өз таңдауын жасады.

Команда капитаны Мақсат Байжанов бастаған футболшылар көтеріңкі-көңіл күйде қаладағы №375-ші учаскеге барды. Ойыншылардың көпшілігі жастар. Бұл олардың алғашқы референдумы. Сондықтан, әрбірі ел үшін маңызды сәтте жауапкершілік танытып, өз конституциялық құқығын пайдаланды.

Мақсат Байжанов «Қайсар» ФК капитаны:

Бүгін Қайсар командасымен ұжым болып келіп, өзіміздің таңдауымызды жасадық. Еліміздің жарқын өмір сүруі үшін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.


Хабарламаларға жазылу