Түрлі қоғам өкілдерін топтастырған онлайн телемарафон әрі қарай жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрлі қоғам өкілдерін топтастырған онлайн телемарафон әрі қарай жалғасуда

05.06.2022

Түрлі қоғам өкілдерін топтастырған онлайн телемарафон әрі қарай жалғасуда. Сағат сайын сарапшылар «Экономика және саясат», «Телеарна және интернет», «Жаһандану және оқшаулану» сынды тың тақырыптарды талқыға салуда. Қоғам қайраткерлері мен белсенді жастардың басын біріктірген ауқымды шара жайлы толығырақ тілші бейнематериалында.

Референдум - билік пен бұқара байланысы

Қоғамның түрлі топтары бас қосқан дискуссия алаңында бірнеше минут бұрын ғана «Қазақстанның жаңа аймақтары», «Телеарна және интернет» тақырыптары талқыға түсті. Бұдан бөлек, мәдениет саласының өкілдері өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымға әнмен өрнек өріп, әзілден алқа тақты.

Таня Турлай, актриса:

Мен жаңа ғана сахнада өнер көрсеттім. Сахнада атмосферасы ерекше, керемет. Залда жастар көп. «Әр азамат үшін бұл референдум өте маңызды меңінше. Жастар үшін бұл - болашақ. Бұл біздің болашағымыз.

Басқосу алаңында спорт майталмандары да бой көрсетіп, пікірлерімен бөлісті.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

Әр мемлекетте өз уақытысымен Конституциясы өзгеріп тұрады. Біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл болды. Сондықтан Конституцияға өзгерістер керек.Референдум Қазақстанның дамуына тек қана жақсылықты әкеледі деп ойлаймын.

Ел тарихында инфотейнмент форматында тұңғыш рет өткізіліп өткізіліп отырған онлайн марафонға зиялы қауым өкілдері де атсалысты.

Серік Негимов, Филология ғылымдарының докторы, профессор:

Осы Референдумдағы бір керемет мәселенің бірі - қоғам менен халықтың өзара тығыз байланысы. Себебі, киіз туырлықты, Алаш ұранды қазақ елі тарихында бірінші би халық, екінші би тарих деген сөз бар. Сондықтан да халықпен есептесу, халықпен санасу билік басындағылар осы халықтың тілегін орындауы бұл шын мәнісінде осы Референдумның бір тамаша қасиеті.


Хабарламаларға жазылу