Бүгін - елімізде республикалық референдум күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - елімізде республикалық референдум күні

05.06.2022

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінде ерекше тарихи күн. Ел бойынша жалпыхалықтық рефрендум басталды. Бұл Ата заңға өзгерістер енгізуге қатысты соңғы 27 жылда өтіп отырған екіші референдум. Саяси шара халық билігін жүзеге асырудың төте жолы. Әрі әлемде қазіргідей геосаяси жағдай әлсіреп тұрғанда бұндай шара халық бірлігін арттыра түсетін демократиялық үрдіс екенінде дау жоқ. Демек, бүгін әр тұрғын өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, таңдау жасауы ел болашағы үшін маңызды.

Бүгін өтетін саяcи шараға орай ел аумағында 10 мыңнан астам референдум учаскесі құрылды. Басым бөлігі жұмысын бастап кетті. Ал елдің батыс өңіріндегі учаскелер 1 сағаттан кейін ашылады. Жалпы референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 18-ге толған 12 млн жуық дауыс беруші тіркелген.

Айта кетейік Конституцияға өзгеріс енуі үшін референдумға қатысушылардың тең жартысы жақтап дауыс беруі керек.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу