Пәкістанда халық инфляцияға қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда халық инфляцияға қарсы шеруге шықты

04.06.2022

Пәкістанда жүздеген адам елде шарықтап кеткен инфляцияға қарсы шеруге шықты. Наразылық акциялары Лахор, Карачи, Исламабад тәрізді бірнеше қалада өткен. Елде тұтыну бағасының индексі мамырда 14 пайызға жуықтаған. Пәкістан орталық банкі отын және электр қуаты үшін субсидияның қысқаруына орай инфляция жоғары деңгейде қалатынын ескертіп отыр. Оның үстіне бензин бағасы осы аптада бірден 17, өткен аптада 20 пайызға өсті. Елдің қаржы министрлігі болса, қатаң шаралар Халықаралық валюта қоры бөлетін 900 млн долларға қол жеткізу үшін қажет деп мәлімдеді.    

Хабарламаларға жазылу