Батыс Қазақстан облысындағы науқастар өзге облыстарда емделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысындағы науқастар өзге облыстарда емделеді

03.06.2022

Батыс Қазақстан облысындағы науқастардың көбі басқа облыстарға немесе шетелге барып емделуге мәжбүр. Бұл - аймақтағы медициналық-диагностикалық емдеудің нашарлығын әрі өңірді білікті мамандар болса да, күрделі операциялардың тек республикалық орталықтарға жолданатынын айғақтайды. Өңірге арнайы жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа осы олқылықты жою үшін алдағы үш жылға жасалған жоспар таныстырылды. Министр бірқатар медициналық мекемелерді аралап, жұртшылықпен жүздесті. Президент тапсырмасымен денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, көпшілік сауалына жауап берді. Өңірдегі түйіткілді мәселелер мен оны шешу жолын да баяндады.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Өңірге дұрыс жабдықталған, халықаралық стандартқа сәйкес перинаталдық орталықтың керектігі сөзсіз. Қазіргі көмек көрсетіп жатқан орталықтың деңгейі төмен екені көрініп тұр. Әкімшіліктің жақсы жоспары бар. Біз министрлік жағынан бұл жоспарды қолдаймыз.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу