Шығыс Қазақстан облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 30 қызметкері ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 30 қызметкері ант қабылдады

03.06.2022

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 30 қызметкері ант қабылдады. Олардың барлығы да 30 жасқа енді толған жас мамандар. Яғни еліміздің басты нышандарымен түйдей құрдас. Сондықтан қызметке енді орналасқандардың Ту тұғырдың түбінде ант берудің үлкен маңызы бар. Өскеменнің шетіндегі «Қазақстан» тауындағы бұл кешен 10 жыл бұрын салынған. Ол жерде ені 6, ұзындығы 12 метр болатын көкбайрақ жыл он екі ай желбіреп тұрады.Тек Ту емес, Елтаңба мен Әнұранның мәтіні де ту тұғырдағы мәрмарға қашалған. Соңғы жылдары аймақта күштік құрылым саласына қызметке орналасқан мамандардың ант беру рәсімін осы жерде өткізу үрдіске айналып келеді.

Ғалымжан Балтабаев, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары:

Бұл шараны басқа да жерде өткізге болушы еді. Алайда табиғат аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынаш ең биік жерде ораналасқан Көк Тумыздың астында осындай биік шыңда болашақтағы ант қабылдаған азамттар биік белестерге жетсін, деп ант қабылдап отыр.

Іңкәр Сейітқамза, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкері:

Мен кішкентайымнан осы салада жұмыс істеуді армандадым. Өйткені өзімнің әкем осы салада атқарған. Қазір зейнеттік демалыста. Әкемнің жолымен келгеніме қатты мақтанамын. Кішкентаймнан бұл жұмыстың қандай қиын екенін, ауыр екенін көріп өстім. Мен осы жұмысқа өз еркіммен, өз жігеріммен келдім.


Хабарламаларға жазылу