Бөтен адамның атына несие рәсімдейтін алаяқтардан қорғану тетігі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бөтен адамның атына несие рәсімдейтін алаяқтардан қорғану тетігі енгізілді

02.06.2022

Елімізде жыл басынан бері 500 адам қаржы ұйымдары үшін несие есебіне қол жеткізуге шектеу қойды. Бұл бөтен адамның атына онлайн несие рәсімдейтін алаяқтардан қорғану үшін жасалады.

Кредит алуға ерікті түрде тыйым салу тетігін енгізуді таяуда Мәжіліс депутаттары ұсынған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың ұсынысын қолдады.

Несиені тоқтату қызметін пайдаланғандарға несие тарихындағы кез-келген өзгеріс туралы хабарлама келіп тұрады. Яғни, оның атына заңсыз несие рәсімделсе, тез әрекет ете алады.


Хабарламаларға жазылу