Саяси реформадан кейін азаматтар Конституциялық сотқа жүгіне алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси реформадан кейін азаматтар Конституциялық сотқа жүгіне алады

02.06.2022

Алматыда конституциялық реформаның елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер ететіні түсіндірілді.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында өткен дөңгелек үстелге заңгерлер мен саясаттанушылар қатысты. Сарапшылардың сөзінше, ел азаматтары бұған дейін құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келсе, тікелей сотқа жүгіне алмайтын. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бұған жол ашады.

Бақытжан Қуандықов, ҚАЗҰАУ «Құқық» кафедрасының меңгерушісі:
Егер Қазақстан азаматтары өздерінің конституциялық құқықтары мен белгілі бостандықтарына нұқсан келтірілді десе, онда Конституциялық сотқа тікелей жүгіне алады. Міне, бұл да үлкен прогрессив қадам деп айта аламын. Демократиялық бағыттағы.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу