Қант жыры: 72 мың тонна қор бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қант жыры: 72 мың тонна қор бар

01.06.2022

Алдағы 4 жылда ішкі нарықты толық өз қантымызбен қамти алмайтынымыз анық. Бірақ, егіс алқаптарын кеңейту жоспары бар. Бүгін сала министрлері қантқа қатысты сан-саққа жүгірген пікірлерге жауап берді. Әуелі сөз алған сауда министрі шекерден тапшылық жоқ, қарбалас қолдан жасалып отыр,-деді. Ресейден импорттауға тыйым салынған соң, Үнді мен Бразилия асып, алдыртып жатыр екен. Онда ол биржалық тауарға жатады. Сондықтан баға құбылмалы. Ал, негізі елдегі зауыттардан көтерме бәсі 450 теңгеден шығып, өңірлерге жеткенше 600 теңгеге тақайды. Жалпы, 72 мың тонна қор бар. Оның ішінде 29 мың тоннасы қант құрағы. Енді өңделеді. Тағы 12 мың тоннасы жолда.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:

Бір жарым, екі айлық қор әрқашанда бар. Сондықтан ажиотажбен жүгіріп барып, сатып алуға ешқандай негіз жоқ. Осыған шақырамыз. Ал, делдалдар осыны қолданып бағасын көтерсе біз олармен құзырлы органдармен жұмыс жүргізіп отырмыз.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бізде жыл сайын 10-12 мың гектарға қант қызылшасы егіледі. Ол жамбыл мен Алматы облысы. Мынау Павлодар облысында да перспективасы зор. Қарағанды-Ертіс бойында суармалы сулар көп. Сол себепті біз арнайы концепция жасап жатырмыз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу