Әлихан Смайылов: Өңір әкімдіктері жанынан тәуелсіз бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын тездетіп енгізу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Өңір әкімдіктері жанынан тәуелсіз бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын тездетіп енгізу керек

01.06.2022

Өңір әкімдіктері жанынан тәуелсіз бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын тездетіп енгізу керек. Премьер-министр осындай тапсырма берді. Сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы балаларды сауықтыруға, бос уақыттарын пайдалы өткізуге жағдай жасау қажет. Жалпы жазғы демалыспен биыл 3,3 млн оқушы қамтылмақ. Барлық елді-мекендерде спорт алаңдарын, балаларды дамыту орталықтарын жабдықтап, ойын-сауық, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру міндет. Биыл 22 мыңнан аса оқушыны тасымалдау үшін мектеп автобустары паркі жаңартылады. 34 мың орынға шақталған 322 балабақша ашу да жоспарланып отыр. Ал, мемлекеттік білім гранты 15 мыңға артты. Демек, университет гранты 88 мың 200-ге көбейді. Бұдан бөлек колледждерге түсетін балаларға техникалық және кәсіптік білім беруге 45 мың орынға республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Енді олар аттестаттың орташа балы арқылы қабылданады. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу