Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

01.06.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды. Президентке ұлы ойшылдың өмірі мен қызметіне арналған экспонаттар, сондай-ақ сирек қолжазба кітаптары таныстырылды.

Мемлекет басшысы университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық жобаларына арналған көрмені аралады. Ғалымдар мен студенттер нейроғылым, денсаулық сақтау, туризм, агрохимия, құрылыс технологиясы, жасанды интеллект және биотехнология салаларындағы ғылыми жаңалығы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылар, ғалымдар және студенттермен, соның ішінде шетелдіктермен әңгімелесті. Жастар елдегі ауқымды реформаларды қолдайтынын жеткізді.


Хабарламаларға жазылу