«Ауыл» партиясының өкілдері ақтөбеліктерге референдумның маңыздылығын түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясының өкілдері ақтөбеліктерге референдумның маңыздылығын түсіндірді

01.06.2022

 «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері Ақтөбе облысының Қайнар ауылында болып, референдумның маңыздылығын тұрғындарға кеңінен түсіндіріп берді.

Кездесуге партия тізімімен сайланған жергілікті мәслихат депутаттары келді. Қаржы институттарының өкілдері кәсіпкерлікті қолдау жөнінде айтты. Тұрғындарды жеке кәсіп ашуға берілетін жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар мен субсидия алу жағы қызықтырды. Ал көпбалалы аналарға жәрдемақы, әлеуметтік көмекке қол жеткізу тетіктері түсіндірілді. Тұрғындар алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға дайын екенін білдірді.

Оразбек Далмағамбетов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиал төрағасы:

Қазір референдум жөнінде халыққа айтып жүрміз, бәрі референдумды қолдап отыр. Бір жағынан бұл әр адамның құқы. Референдум туралы бәрі де біліп отыр.

Қарлығаш Жетесова, ауыл тұрғыны:

Амандық болса, референдумға барып, өз таңдауымды жасаймын. Ауыл тұрғындарының бәрі келіп, өз таңдауын жасайды деген ойдамын. Көтеріліп жатқан мәселелердің бәрі орынды, өте тиімді. Сондықтан жан-жақты хабардармыз, қолдаймыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу