Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Президент бірқатар кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Президент бірқатар кездесу өткізді

01.06.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады.

Мемлекет басшысына Kaspi kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму жоспары туралы мәлімет берді.

Рашид Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Хабарламаларға жазылу