Ілияс Жансүгіровтың немере қарындасы ақын туралы естелік айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Жансүгіровтың немере қарындасы ақын туралы естелік айтты

31.05.2022

Нәубет жылдары Алматы облысында 8 мыңнан астам адам жазықсыз атылып кетті. 12 мыңнан астам жергілікті тұрғын көштің басын өзге елге бағыттады. Бүгін Талдықорғанда өңір басшылары мен зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Алаш арысы, құлагер ақын 1937 жылы тұтқындалып, жарты жыл абақтыда азапталды. Ал ақпанда оққа ұшты. Ғалымдардың айтуынша, Ілияс Жансүгіровтың нақты қай жерде жерленгені әлі белгісіз. Ал «Жаңалық ауылының маңында жатыр» деген - тек болжам ғана. Ілиястанушылар қаламгердің шығармашылығы мен өмірі, әлі де терең зерттеуді қажет етеді деген пікірде. Еске алу жиынына ақынның немере-қарындасы Нұрпан Жансүгірова да келіп, есте қалған сәттерімен бөлісті.

Нұрпан Жансүгірова, ақынның немере қарындасы:
Ылғи қазақтарды ұстады. Қандай жақсы, қандай білімді, қандай ақылды адамдардың бәрі кетті.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу