Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы соңғы 4 айда 7,2 млрд долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы соңғы 4 айда 7,2 млрд долларға жетті

30.05.2022

Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы соңғы 4 айда 7,2 млрд долларға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің кездесуінде айтылды. Екі ел арасындағы экономикалық қатынастың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын уақтылы іске асыру маңызды. Әлихан Смайылов сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның дамуына тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстанда өнеркәсіп саласында 13 маңызды бірлескен жоба іске асырылды. Машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібін қоса алғанда, бірқатар негізгі салаларда шамамен 4 млрд долларға жуық 22 ірі жоба іске асырылуда.  

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу