Қазақстан шекарасын пилотсыз ұшу аппараттары күзетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан шекарасын пилотсыз ұшу аппараттары күзетеді

28.05.2022

Қазақстан шекарасын пилотсыз ұшу апараттары күзетеді. Биылдан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті шекары қызметі тәжірибе ретінде енгізген қондырғы ел шебін 10 шақырымға дейін бақылай алады.

Жамбыл Қырғызбен 1200 шақырымнан аса шекара сызығымен шектесетін аймақ. Бауырлас елмен демаркациялау шарты бар. Қазіргі таңда қос тарап, келіссөздер арқылы инженерлік-технолояиларды дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. Оған дәлел, шекара аумағына бейнебақылау жүйелері орнатылып, дабыл қағатын қондырғлар қойылған. Сол арқылы сарбаздар екі ел арасындағы жағдайды кірпік қақпай күзетеді.

Талғат Сабыров, сарбаз:

«Мелекеттік заң бұзушылық белгілерді камера арқылы бақылап отырамыз күгдізтүні. Ауысым әр 8 сағат кейде 12 сағатқа дейін созылатын күндер болады.

Шекара қызметін реформалау жүйесінде шетелдік тәжрибе де енгізліген. Мәселен, Америкада жасалған ұшқыссыз ұшу апараты, шекара маңын қашықтан күзетеді. Компьютер арқылы басқарылатын қондырғы тек, тәжірибе ретінде қолданылып келеді.

Нұрдос Болатұлы, тілші:

«Бұл еліміздегі шекара қызметінің сақтық шараларын күшейту мақсатында биылдан бастап қолданысқа енгізілген пилотсыз ұшу апараты. Қондырғы алдымен сарбаздардың жұмысын жеңілдетсе, шекара маңын 10 шақырымға дейін бақылап ондағы заң бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Ерхат Рафиков, ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті бөлім басшысы:

«Шекарашыларды дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргзіліп жатыр. Оның бірі ұшқыссыз ұшу аппараттары. Оны Амреика құрама шттаттарынан қабылдап, қазіргі таңда бізге штатқа енгізіп, адамдарды оқыту жұмыстары аяқталды. Енді штатқа енгізу сұрақтары қарастырылуда.

Шекараның бойында 683 арнйы белгі мен 1055 шекара бағандары орнатылған. Келісім бойынша қос ел осы мемлекеттік белгілерді әр бір он жылда тыңғылықты тексеріп тұрады.

Өңірде жыл басынан бері мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өту дерегі қатысты оншақты дерек тіркелген. Бұл төмен көрсеткіш. Өйткені, заң бұзуға қазіргі технологиялық құралдар мүмкіндіктері жол бермейді дейді шекара қызметкерлері.

Н. Болатұлы, Ғ. Айдарқұлов

Хабарламаларға жазылу