Қазақ-өзбек шекарасындағы Сарыағаш кеден бекетінде кептірілген жеміс-жидек тиелген 9 вагон қаңтарылып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек шекарасындағы Сарыағаш кеден бекетінде кептірілген жеміс-жидек тиелген 9 вагон қаңтарылып тұр

27.05.2022

Шекарадағы шу. Қазақ-өзбек шекарасындағы Сарыағаш кеден бекетінде кептірілген жеміс-жидек тиелген 9 вагон қаңтарылып тұр. Көршілес елден тасымалданған 600 тоннадай тауар бір аптадан бері саудагерлердің қолына тиер емес. Кеденшілер құжаттарың дұрыс деп алып кетуге рұқсат бергенімен, өңірдің экономикалық тергеп-тексеру департаменті босатпай қойыпты. Тығырыққа тірелген кәсіпкерлер тауарымыз бүлініп, шығынға шаш етектен бататын болдық деп алаңдаулы. Тілші тарқатады.

Сарыағаштық қырық шақты саудагер кеденге қарасты қойманы торуылдап жүргеніне алты күн болған. Жүктерін түсіре алмай жүргендер 600 тонна өрік-мейізі бен жаңғақ дәнектері секілді кепкен өнім барын айтады. Қазір қоймада тұралап қалған вагондардың алды бір апта бұрын келсе, соңғысы төрт күн бұрын жеткен.

Жанболат Тоқтамұратов, кәсіпкер:

Барлығын төлегенбіз, электронды базадан жабылған. Күн 60 градус ыстық. Вагонның іші екі есе ыстық. Барлық тауарларымыз айнып кететін болды. Соған шырылдап жатырмыз .Ешкім жоғары жақтағылардың құлағы елемей жатыр. Жаңағы ДЭР -дегілер барлық жердегілерді басып тастап жатыр.

Бекзат Әбдіраманов, кәсіпкер:

Төрт вагонымыз бар, екеуі зеленый коридор. Алып кетуіміз керек жүгімізді, ала алмай отырмыз. Іште тұрған мәшинеміз бар да, ол простой төленіп жатыр қазір. грузчиктер келеді кетеді, олардың бәрі расход бәрі.

Әр вагондағы тауардың құны бірнеше миллион теңге. Оған қоса тасымалдау мен вагондарды жалға алу ақысы мен жүргізушілер, жүк тасышулардың еңбегі тағы бар. Күніне бас-аяғы 500-600 мың теңге шығынға батып жатырмыз дейді.

Жандос Әшірқұлов, кәсіпкер:

Піте деген бар, маса сияқты бірдеңе. Сол басып кетеді черносливтерді ше. Ол айнығаннан кейін ол жүкті уже сата алмаймыз біз. Мусорға тастауға тура келеді бізге. Сол елу мың долларлық тауарым күйіп кетсе, мен сол елу мың долларға шығынданамын да. Сата алмаймын тіпті.

Ал кеденшілер болса бір вагоннан 43 тонна тауар артық шыққандықтан, әкімшіліп айыппұл салынғанын айтады. Артынша кәсіпкер артық тауарға айыппұлын төлеген соң, алып кетуге рұқсат берілгенін алға тартты.

Талғат Төлегенов, Сарыағаш стансасы кеден бекеті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:

Барлық кедендік БАЖ салықтары өндірілді. Өндірілген соң біз выпускіге печать бастық. Енді бұл жүктер СВХ-да тұрғандықтан өздері алып кетуі керек заң бойынша, зеленый коридор болғаннан олар кете беруі керек заң бойынша.

Мәселе дауға айналған соң, кеден бақылау бекетінің алдына кәсіпкерлер де экономикалық тергеп тексеру департаментінің өкілдері де жиналды.

2020-2021-де істеген жоқпыз. Міне 2022-нің 16-сына ашылды граница. Міне енді келдік істеуге, бірінші әкелген тауарымыздың түрі осындай болып тұр. мен банкрот болмаын ғой аға. Осы жұмысті істеймін деп пәленбай миллион кредит алғам КМФ-тан. Ана банктен кредит алғам.

Жауапты департаменттің өкілдері бұл жағдайға байланысты нақты шешім айтпады. Тек тексеріп жатырмыз дегеннен әрі аса алмады.

Нұрдәулет Ергешов, Түркістан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма бастығының орынбасары:

Нақты құжаттар тексеріліп, одан кейін қортынды шығарып, одан кейін шешім қабылданып, тексеру аяқталған кезде жібереміз.

Алайда бұл жауапқа кәсіпкерлер қанағаттанған жоқ. Кедергілер қолдан жасалып отыр дегендер Бас прокуратураға арыз түсірді.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу