Саяжайда есірткі зертханасын ашқан ақтөбелік тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяжайда есірткі зертханасын ашқан ақтөбелік тұрғын ұсталды

27.05.2022

Зертхана соңғы техникалық құралдармен жабдықталған. Қарасораның әр сабағы бөлме гүліне арналған ыдыстарға отырғызылып, оны өсіру үшін арнайы жарықшамдар қолданылған. Күдікті тұқым мен техниканы интернет дүкендерден алғанын айтқан. Тәркіленген зат салмағы 400 граммнан асады. Сараптама тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу