Солтүстік Кореяда коронавирустың тарауын тоқтату мақсатында су мен ауа тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда коронавирустың тарауын тоқтату мақсатында су мен ауа тексеріліп жатыр

27.05.2022

Мұны осы елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Эпидемияға қарсы орталық өкілдерінің айтуынша, ауыз судың қауіпсіздігі мен тазалығына кепілдік беру үшін және COVID-19-бен күрес мақсатында Тэдун, Потхонг өзендерінен сынама алынды. Өткен тәулікте мұнда 100 мыңнан астам науқас анықталды. Бірақ жергілікті үкімет оларды безгекке шалдыққандар деп атап отыр.

Ал ковидтан 1 тұрғынның қайтыс болғаны расталған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу