Алматыдағы ХҚКО қызметкерлері әлеуметтік осал топтарға құжат рәсімдеу үшін ақы төлеткізген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ХҚКО қызметкерлері әлеуметтік осал топтарға құжат рәсімдеу үшін ақы төлеткізген

26.05.2022

Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік осал топтарға құжатын рәсімдеуі үшін ақы төлеткізген. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Негізінде соғыс ардагері, мүмкіндігі шектеулі жан, көпбалалы ана мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар құжат рәсімдеу кезінде баж төлеуден босатылған. Алайда мемлекеттік қызметшілер 400-дей адамның әрқайсысынан 22 мың теңгеге дейін ақша алған. Қазір заң бұзушылыққа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бауыржан Ертаев, Алмалы ауданының прокуроры:
Біздің органмен қадағалау актісі енгізіліп, құзырлы органдар, яғни Мемлекеттік кіріс департаменті бүгінгі таңда сол ақшаны  тұлғаларға қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу