Референдумға 10 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумға 10 күн қалды

26.05.2022

Мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне халықтың белсенді араласуына мүмкіндік беретін Конституциялық реформаларға қатысты қазақстандықтардың пікірі қандай? 

Қазақстанның жас азаматшасы, жас тұрғыны ретінде мен өз дауысымды беремін. Себебі 30 жыл бойы билік халықпен тығыз байланыста санаспады, енді «Жаңа Қазақстанда» Президентіміз айтқандай халықпен тығыз байланысып, халық өз шешімін өз таңдауын жасай білуі қажет. Сол себепті мен өз дауысымды беремін.
Референдумның берері өте көп. Одан үлкен өзгерістер, үлкен бастамалар, үлкен нәтижелер күтеміз. Болашақты өзгерту үшін бүгіннен қадам жасайық. Референдумға барып азаматтық міндетімізді атқарайық.
Біздің еліміздегі азаматтарға беріліп жатқан үлкен мүмкіндік. Ешкім күшке салып, осы Ата заңды бекітейін деп жатқан жоқ. Сондықтан осы өзгеруге тиісті нәрселердің көбіне өз ойларын қосуы керек деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу