«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы СҚО агросала мамандарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы СҚО агросала мамандарымен кездесті

25.05.2022

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов солтүстікқазақстандық агросала мамандарымен кездесті. Шаруаларға конституциялық реформаның маңызын айтып, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды. Өңірдегі қожалық басшысы Алтынбек Сапаров ел дамуындағы жаңа кезең референдуммен тікелей байланысты екенін айтады. Атқарушы хатшы өңірдің зиялы қауым өкілдерімен және партия активімен де жүздесті. Бүгін, өңірде құрамына 28 мыңнан астам партия мүшесі кіретін 246 бастауыш партия ұйымы бар.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу