Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды

25.05.2022

Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған қатысты үкімет тиісті қаулы қабылдады. Құжатта «коммерциялық емес акционерлік қоғам акцияларының 50 пайызымен тағы 1 акциясын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын» делінген. Бұл орталық 2018 жылы сәуірде экономиканың бәсекеге қабілеттін, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған жасыл технологияны ілгерілету және бизнесті қолдау мақсатында құрылған. Енді оның акциялар пакетінің 100%-ы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқаруымен мемлекет меншігінде болады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу