Елордада 4 жекпе-жек түрінен республикалық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 4 жекпе-жек түрінен республикалық жарыс өтті

25.05.2022

Елордада төрт жекпе-жек түрінен өткен республикалық сайыста 400-ге жуық жас кілем шебері мен боксшылар бақ сынасты.

Жасөспірімдер арасында дзюдо, бокс, еркін және грек-рим күресінен Мәдениет және спорт министрінің кубогі алғаш рет сарапқа салынып, ақтық кезеңге ең мықтылары ғана өтті. Бозкілем мен рингке шыққан спортшыларды жанкүйерлері мен жерлестері қуана қарсы алды. Командалық жарыста кубокті иеленгендер ақшалай сыйлықты да қанжығасына байлады. Бұдан бөлек төрешілердің шешімімен төрт номинация иегері де анықталды. Жас буынды әлем чемпионаттарының жүлдегерлері жігерлендіріп, оларға үлкен жарыстарға жолдама алуларына, үздік нәтижелер көрсетуіне тілектестік білдірді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу