Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады

25.05.2022

Онда ел президенті әлемнің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ еліміздің әлемдік нарыққа тауарлар мен шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізуде сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік Швейцарияда өтіп жатқан төрткүндік жиынның басты тақырыбы – Украинадағы қарулы қақтығыс. Сонымен қатар форумда тағы алты мәселе талқыланады. Олар – ғаламдық, аймақтық ынтымақтастық, әлем экономикасын қалпына келтіру, өсімнің жаңа дәуірін қалыптастыру, салауатты әрі әділ қоғам құру, төртінші индустриалдық революцияның мүмкіндіктерін пайдалану, климатты қорғау. Әдетте қыста өтетін Давос форумы екі жылдық үзілістен кейін ашылып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу