Елордада референдумда дауыс беру тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада референдумда дауыс беру тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті

24.05.2022

Елордада референдумда дауыс беру тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтіп жатыр. Онда азаматтарға республикалық науқанға қатысудың маңызы мен ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, референдумға атсалысуға ниет білдірген тұрғындарға жергілікті атқарушы орган өкілдері конституцияға енетін өзгерістер мен толықтырулар жайында кеңінен мәлімет берді. Жиылғандар спикерлерге сауалдар жолдады. Мәселен, референдум туралы заңды бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделетіні жайлы сұрақтар келіп түсті. Сондай-ақ, референдум кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау мен азаматтардың тізімдерін комиссияға беру жөніндегі жұмыстардың барысы пысықталды.

Ұлан Алтаев, Қала прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқарма басшысының орынбасары: 
Референдум өтіп жатқан күні дауыс беру учаскелерінде агитациялық іс-шаралар жүргізуге болмайды. Талдау жүргіземіз, талдау барысында қандай да бір құқық бұзушылық анықталған жағдайда оған тез арада шара қабылдайды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу