Шымкентте референдумды өткізуге байланысты тексеру сервисі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте референдумды өткізуге байланысты тексеру сервисі іске қосылды

24.05.2022

Дауыс беру құқығына ие азаматтар енді сол арқылы өздерінің тізімде бар-жоғын алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ шаһарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келуіне барынша қолайлы жағдай жасалуда. Оларды жеткізу, үйіне апарып салу үшін 55 инватакси жұмыс істейтін болады. Құлағы естімейтін, көзі көрмейтін азаматтар үшін кабиналар арнайы құралдармен жабдықталды. Бүгін Шымкенттегі дауыс беру учаскелерінің мүшелері республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелеріне байланысты семинар-кеңесте бұқаралық ақапарат құралдарын тіркеу, учаскелерде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, дауыс берушілерді ақпараттандыру жайы да пысықталды. Қазір аймақта 317 референдум комиссиясы жұмыс істеуде.

Мұхтар Ерман,  Орталық референдум комиссиясының хатшысы:
Техника, ақпарат жағынан біздің учаскелік комиссияның мүшелері оқудан өтті. Біразы сертификат алды. Негізгі мәселе сайлаушылардың тізімін дұрыстап қарау керек. Қосымша ақпараттық материалдар жіберіп жатырмыз. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу