Коронавируспен күрес: Ревакцинация бойынша жаңа қаулы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавируспен күрес: Ревакцинация бойынша жаңа қаулы шықты

24.05.2022

Еліміздің Бас санитар дәрігері коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтетін адамдардың тізіміне қатысты жаңа қаулыға қол қойды. Енді Қазақстанда 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар қайта екпе алуы тиіс. Ревакцинация бұған дейін екпенің екі компонентін алған және бірінші ревакцинациядан өткен адамдарға жүргізіледі. Бірінші кезекте қайта екпе алудан медицина және күштік құрылым қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемедегі адамдар өтеді. Сондай-ақ, мұғалімдер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтар мен 50 жастан асқан адамдар.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу