Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бизнесті заңсыз араласудан қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бизнесті заңсыз араласудан қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдады

23.05.2022

Адал кәсіпкерлерді қорғау - маңызды міндет. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бизнесті заңсыз араласудан қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдады. Осы бағытта арнайы жұмыс тобы құрылатын болды. Оған Агенттік қызметкерлері мен «Атамекен» палатасы өкілдері кіреді. Топ мемлекеттік органдардың негізсіз тексерулеріне қатысты кәсіпкерлер шағымын қарайды. Іс-шара Президенттің бизнесмендермен кездесуінде айтылған тапсырмаларын орындау аясында қабылданып отыр.

Олжас Бектенов, ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
Бизнес дамымай ешқандай тұрақты экономикалық өсім, мемлекетіміздің, қоғамымыздың дамуы болмайды деген сөз. Белсенді, тиімді бизнес болмаса жаңа кәсіпорындар пайда болмайды. Салық төленбейді. Сондықтан бәріміз осы бағытқа баса назар аударып, атсалысуымыз керек. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу