ШЫҰ мүше елдердің түлектері үшін 85 грант бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ мүше елдердің түлектері үшін 85 грант бөлмек

23.05.2022

Биыл Өзбекстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің абитуренттері үшін 85 грант бөлуді қарастырып отыр. Енді туризм саласында білім алғысы келетін қазақстандық түлектер де бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Түлектерді қабылдау қашан басталатыны әзірге белгісіз. Өзбекстан тарапы ресми хат жіберген соң жарияланады. Осылайша көрші ел туристік саладағы тәжірибесімен бөлісуге ниетті. Жалпы, өзбек туризмі өркендеу үстінде. Мұнда тарихи орындар мен мұралар өте көп. Бауырлас мемлекет ішкі туризмге ерекше ден қойған. Туризм саласында қызмет ететін кәсіпкерлерге де салықтық жеңілдіктер жасау көзделген. Осылайша бір жылда кемі 10 млн турист тартуды көздеп отыр.

Жулибой Элтазаров, «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің бірінші проректоры:

Бұл гранттарды әр елге бөлгенде шамамен 5-6 студенттің оқуға тапсыруына мүмкіндігі бар. Біздің Сыртқы істер министрлігі тарапынан сіздердің Мәдениет және туризм саласындағы құзырлы мекемелерге хат жіберіледі. Түлектің ағылшын тілін білуі маңызды. Оқуға түскен студенттерге 600 доллар көлемінде стипендия тағайындалады.


Хабарламаларға жазылу