Еліміздің әр өңіріндегі ел тұрғындарының референдум жайлы пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің әр өңіріндегі ел тұрғындарының референдум жайлы пікірі

23.05.2022

Еліміздің әр өңіріндегі ел тұрғындарының референдум жайлы пікірі 

Референдумға халықтың қызығушылғы өте жоғары. Өйткенім айналамыздағы адамдардан сұрап, біліп жүрміз ғой. Бұл деген жақсы. Конституцияда жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген норма Конституцияда түпкілікті және біржақты бекітілген. Мемлекет халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Жер қойнауындағы кез келген қазба байлықты игеруде халықтың пікірі ескеріледі. Яғни тыңдайтын мемлекет, тыңдайтын Үкімет қағидасы осында жатыр.

Осы референдум енді елдің тіршілігінде үлкен бір өзгеріс болғалы тұр. Әрине бұған дейінгі біздің халықтың саяси белсенділігі төмен болған жоқ. Бірақ осы референдумнан үлкен үміт күтіп отыр. Референдумнан кейін елімізде үлкен серпіліс болады деген сеніммен отыр.

Осыған дейін қаншама алпауыт мемлекеттердің заңының өзгермей тұрғанына қарап, және біздің осы бір кішкентай ғана жылдардың арасында еліміздің заңының қаншалықты өзгергеніне қарап менің ішім ашиды. Сол үшін заңның өзгеріп, тұрақты заңның қабылданғанын қалаймын.


Хабарламаларға жазылу