Алматыда нөсер жауыннан аулалар мен көшелерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда нөсер жауыннан аулалар мен көшелерді су басты

23.05.2022

Алматыда кеше тағы нөсер жауып аулалар мен көшелерді су басты. 21 мамыр күні жауа бастаған жаңбыр екі тәулік толастамады. Оған қоса екпінді жел соғып, ағаштар құлаған. Құтқару қызметіне 7 қоңырау келіп түскен, қазір оқиға орнында төтеншеліктер қызмет етуде. Қызыл су тіпті ауылдарға да жетіп, кейбір үйлерді су басқан. Қазір қалада жағдайды реттеуге 674 жұмысшы мен 247 техника жұмылдырылған. Көшелер мен аулалардағы су сорылып, 2400 қап құм салынған қаптар дайындалды. Қазгидромет орталығының хабарлауынша, алдағы күндері нөсер жаумайды. Десе де табиғаттың тосын сыйына дайын болған жөн.

Хабарламаларға жазылу