Алматыда жол талғамайтын көлік 32 бас қойды қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол талғамайтын көлік 32 бас қойды қағып кетті

21.05.2022

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жол талғамайтын көлік бірнеше ондаған қойды қағып кетті. Салдарынан 32 бас ұсақ мал қырылып қалған.

Оқиға «Ақсай - Шонжы-Қалжат» тасжолы бойында болды. 

Полицияның хабарлауынша, осы факт бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Жүргізуші 25 тәулікке қамалған. Сондай-ақ, ол 9 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу