Республикалық референдум: ТМД байқаушылары өз қызметіне дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық референдум: ТМД байқаушылары өз қызметіне дайын

21.05.2022

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД байқаушылар Миссиясының Штаб жетекшісі Олег Кулебамен кездесті.

Басқосуда Штаб мүшелеріне республикалық референдумды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары таныстырылды.

Байқаушылар миссиясын ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Леонид Анфимов басқарады. Ал миссия қызметі халықаралық құқықтық қағидаттар мен нормаларға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатыны айтылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының байқаушылары өз қызметін Қазақстанда осымен он бесінші рет жүзеге асырады.

Олег Кулеба, ТМД байқаушылар миссиясының штаб басшысы:

Біздің миссиямыз - Қазақстан Республикасының Заңдарын қатаң сақтау, қандай да бір мемлекеттік істерге араласпау және саяси бейтараптық ұстанымда қызмет атқару.


Хабарламаларға жазылу