Ақмолада «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолада «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі өтті

21.05.2022

Уәлиханов атындағы әскери колледжде «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде Ұлы дала батырлары институтынан бастау алатын қазақ сарбаздарының жауынгерлік ерліктерін бейнелейтін тарихи, мәдени артефактілер қойылған.

Шараға келгендер қарулы күштердің құрылу тарихы туралы көптеген тың дерекпен танысты. Сонымен бірге әскери мектептің курсанттары мен оқу озаттарына арналған «Қазақ халқының жауынгерлік мұрасы», «Ер қаруы - бес қару», «Қару-жарақ әлемі» сынды тақырыптық экскурсиялар өткізілді.

Шара Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Күляйша Ақтаева, Тұңғыш Президент кітапханасының музей құндылықтарын сақтау қызметінің басшысы:

Біз бұл көрме арқылы ата-бабаларымыз көрсеткен ерлік пен елдің іргесін бекем еткен Қарулы күштердің құрылу тарихы жолындағы бай мұрамызды өскелең ұрпаққа насихаттаймыз. Сонымен бірге жастарға әскери саланың қыр-сырын ұқтырып, заман талабына сай өзгерген көптеген тың дерекпен таныстырамыз.


Хабарламаларға жазылу