Бүгін Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда бірден 6 теңгеге нығайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда бірден 6 теңгеге нығайды

20.05.2022

Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін Ұлттық ақшамыз долларға шаққанда бірден 6 теңгеге нығайды. Қазір доллар 425 теңге, еуро 450 теңге 90 тиын. Ал рубль бағамы 7 теңгеден асып кетті.

Десе де валюта айырбастау орындарында Ресей валютасы 6 теңге 40 тиын, 6 теңге 70 тиын шамасында сатылып жатыр. Сарапшылар рубльдің нығаюын қара алтын бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Әрі ресей мұнайынан бас тартуға қатысты үлкен жетілік елдерінің келісімге келе алмауы да доллар мен еуроны сәл арзандатып жіберді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу