Қонаев қаласының тұрғындары референдумға қатысуды ел болашағына елеулі өзгерістер әкелетін тарихи сәт деп біледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласының тұрғындары референдумға қатысуды ел болашағына елеулі өзгерістер әкелетін тарихи сәт деп біледі

20.05.2022

Қонаев қаласының тұрғындары референдумға қатысуды ел болашағына елеулі өзгерістер әкелетін тарихи сәт деп біледі. Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформадан Қазақстан әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады. Олар бұл туралы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысымен кездескенде айтты. Асхат Оралов партия активі, зиялы қауым және су электр станциясы ұжымымен кездесіп алдағы референдумның маңыздылығын талқылады. Партияның Алматы облыстық филиалында «Amanat»-тың 90 мыңнан астам мүшесі және 307 бастауыш партия ұйымы бар.

Ербол Тұрымбетов, Іле аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

Референдум – бұл халқымыз үшін сынақ іспетті. Көзі ашық азаматтар, ел-жұрт референдумға көзқарасы өте жақсы. Халық түсініп отыр. Өйткені барлық заң , қабылданған заң Конституцияға тіреледі.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Қадірлі ағайын, бәріміз еліміздегі тағдыр шешті кезеңде «Жаңа Қазақстанға» дауыцс беріп, референдумге бірге қатысайық. Amanat-қа адал болайық.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу