Жеңілдетілген автонесие бойынша алғашқы клиент көлік алды
Бүгін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы алғашқы көлік берілді. Елордалық Бекзат Тілеген 6,5 млн теңгеге 4 пайызбен көлік алды.
Ақерке Бектас, тілші:
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 16 наурыздан бері бір ғана банкке 6 мыңнан аса өтініш түскен. Центр Кредит банкінің өкілдері бүгін 10-ға жуық азаматқа осы бағдарлама арқылы несие берілетінін жеткізді. Бүгін ел бойынша алғашқы көлікті алған азамат инженер, елордалық тұрғын Бекзат Тілеген. Ол су жаңа көлікті бірінші рет мініп тұрғанын айтады.
Қазір автосалондарда жеңілдетілген несие беру қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Тұрғындардың өтінішін 3 екінші деңгейлі банк қабылдап жатыр. Бүгін бұл қатарға тағы бір банк қосылуға тиіс. Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз беріледі. Бұған дейін азаматтар нарықта көлік тапшы екенін айтқан. Автокәсіп қауымдастығы елде биыл үш айда 213 млрд теңгеге 22 мыңнан аса техника шығарылғанын айтты. Олар көлік құрастыру алдағы уақытта артатынын мәлімдеді.
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрық портының әлеуеті артып келеді
09.06.2026, 20:16
Балалар арасында танымал бабл-ти сусынының зияны қандай?
09.06.2026, 20:15
Жол-көлік апатынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті
09.06.2026, 20:12
Филиппинде зілзаладан кейін 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 20:11
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді
09.06.2026, 20:07
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06