Елімізде көпқабатты үйлердегі 4 мыңдай лифтінің тозығы жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көпқабатты үйлердегі 4 мыңдай лифтінің тозығы жеткен

19.05.2022

Көпқабатты үйлердегі 4 мыңдай лифтінің тозығы жеткен. Оларды шұғыл ауыстыру үшін несие қаржы бөлінуі керек. Жалпы, жеделсатыда болған оқыс оқиғалардың көпшілігі қайғылы аяқталып жататыны белгілі. Әсіресе Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс және Батыс Қазақстанда лифтілер әбден ескірген. Оның үстіне 10 жыл бұрын саланы лицензиялау жобасы алынып тасталды. Салдарынан компаниялардың жұмыс сапасы нашарлады.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Республика бойынша апаттық лифтілерді жедел ауыстыру үшін несие беру тетіктерін қарастыруды, лифт саласында бекітілген ұлттық стандарттар талаптарын қатаңдатып, жергілікті атқарушы органдарына әкімшілік айыппұл санкцияларын қабылдау бойынша арнайы құзырет беруді, елімізге күмәнді лифтерді әкелу тетігін шектеуді, үкіметтің қарастыруын сұраймыз.


Хабарламаларға жазылу