Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы тілдесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефонмен сөйлесті. Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген. Әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің дамуы талқыланды. Осы ретте Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына ерекше назар ауды. Президенттер алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің, екіжақты ынтымақты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
26.06.2026, 20:10
Балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі
26.06.2026, 20:09