«Жаңа Қазақстан – екінші мемлекет» атты республикалық дебат турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа Қазақстан – екінші мемлекет» атты республикалық дебат турнир өтті

18.05.2022

«Жаңа Қазақстан – екінші мемлекет» жастар дәл осындай тақырыпта республикалық дебат турнирін ұйымдастырды. Еліміздің бірнеше өңірінен жиналған белсенді студенттер Алматыда бас қосты. Олар 5 маусым күні өтетін референдумды жан-жақты талқылады. Нақтырақ айтсақ, Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен жастардың арасында саяси патриоттықты насихаттау бағыттарын кеңінен қарап, өзара пікір алмасты. Қатысушылардың сөзінше, өскелең ұрпақ елдің болашағына бей-жай қарамауы керек. Білім және ғылым министрілігі тарапынан ұйымдастырылған мұндай шаралар, алдағы уақытта республиканың басқа да қалаларында өткізілмек.

Дәулет Мырзақұлов, «Алтын сапа» интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшесі: 
Конституцияға өзгеріс енгізілген кезде ол белгілі бір проблеманы шешуі керек. Барлық тұсымен келісемін деп айтсам болады. Өйткені оның барлығы белгілі тараппен, белгілі бір саясатты, белгілі бір ерекшеліктерді негіздей отырып жасалған өзгерістер болғандықтан оның бәрін құптаймын. 

Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу