Референдум-2022: Конституцияға енгізілетін өзгерістер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум-2022: Конституцияға енгізілетін өзгерістер

18.05.2022

Алдағы референдумда дауыс берушілердің жартысынан көбі өзгерістерді жақтаса, Ата заңның үштен бірі қайта жазылады. 33 бапқа 56 түзету енгізіледі. Негізгі өзгерістердің бірі – 46-шы бапқа қатысты. Мұнда «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен айқындалады» деген 4-ші тармақ алынып тасталады. Сонымен қатар, Мәжіліс Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Депутаттар партиялық тізіммен ұсынылмайды. Халық тең және төте сайлау өткізеді. Депутаттар саны 98. Бұл 50-ші баптың 3-ші тармағына енгізілетін өзгеріс. Қолданыстағы редакцияда «Мәжіліс Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депуттан тұрады» деп жазылған.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу