Шымкентте «Конго-Қырым безгегін» жұқтыруы мүмкін деген науқастың диагнозы расталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Конго-Қырым безгегін» жұқтыруы мүмкін деген науқастың диагнозы расталды

18.05.2022

Шымкентте «Конго Қырым безгегін» жұқтыруы мүмкін деген науқастың диагнозы расталды. Дәл қазір науқастың жағдайы ауыр. Ол интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бұған дейін Шымкентте «Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырды»деген күдікпен Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы әйел асқазан-ішектен қан кету диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға түскен. Науқаспен байланыста болған 15 адам анықталды. Оның тоғызы медицина қызметкері. Барлығы бақылауға алынған.  «Конго Қырым безгегі» кене шағу арқылы таралатын аса қауіпті ауру. Егер науқас дер кезінде дәрігерге жүгінбесе өліп кетуі де мүмкін. Аса қауіпті аурулардың эпидемиялық ошақтарының пайда болуы елімізде жылда болатын құбылыс. Өңірлерде олардың жұғу себебі пен салдарын түсіндіру-ақпараттық жұмыстары да жоспарлы түрде жалғасып жатыр.  

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу