Ақтөбелік тұрғын 3 млн теңгесінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік тұрғын 3 млн теңгесінен айырылды

18.05.2022

Ақтөбеде қала тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, 3 млн теңгесінен айырылды. 40 жастағы әйелге белгісіз біреу хабарласып, өзін екінші деңгейлі банк қызметкерімін деп таныстырған. Ол тұрғынның атына қылмыскерлер несие рәсімдеуге тырысып жатқанын, оны болдырмау үшін кодты айтуды сұраған. Смс кодты алғаннан кейін 3 млн теңгені басқа шотқа аударып үлгерген. Полицейлер жеке құпия кодтарды тіпті банк қызметкеріне де айтуға болмайтынын ескертеді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу